Мүмкіндіктер

PROMEXTECH GROUP мүмкіндіктері

Кешенді сервис

Қызметтердің толық кешені — компанияның бір қолынан.

Өндірушілермен тікелей ынтымақтастық

Компанияның АҚШ-тағы, Қытайдағы, Германиядағы өзіндік өкілдіктері әлемнің ең ірі өндірушілерімен және өндірістерімен тікелей ынтымақтасуға мүмкіндік беріп, жеткізілетін техника мен жабдықтың жоғары сапасына, неғұрлым толық жиынтықтылығына және тиімді, тұрақты бағаларына кепілдік береді. Делдалдардың болмауы және өндірушілермен тікелей қарым-қатынас клиенттерімізге неғұрлым тиімді әрі тұрақты бағаларды ұсынуға, сондай-ақ жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өңірлік өкілдіктер

Өзіндік өңірлік өкілдіктер кез келген жерде және кез келген уақытта үздік қызмет көрсетуге және көмектесуге мүмкіндік береді.

Өзіндік логистика

Өзіндік логистикалық ресурстар техника мен жабдықты барынша қысқа мерзімде, делдалсыз, компанияның толық бақылауымен жеткізуге мүмкіндік береді. Техника мен жабдықты жеткізудің бай тәжірибесі логистиканың ең оңтайлы схемаларын әзірлеуге мүмкіндік берді.

Өз қаржы ресурстары

Өзіндік қаржы ресурстары ең оңтайлы қаржылық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Жеткізудің айрықша құқықтары

Бізде техника мен жабдықты жеткізуге айрықша құқықтар бар, бұл біздің сенімділігімізді және серіктестеріміздің сенімін көрсетеді.

Мамандар командасы

Сату, маркетинг, техникалық консалтинг және сервис бойынша жоғары білікті мамандар командасы клиенттеріміздің тапсырыстарын кілтпен тапсыру негізінде орындауға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді қарым-қатынас

Біз клиенттермен және серіктестерімізбен тиімді әрі ұзақ мерзімді байланыстар орнатамыз.

Компания бүгінгі күннің үздік машиналары мен технологияларын жеткізеді, сондай-ақ заманауи сапа стандарттары бойынша ең жоғары деңгейдегі сервис ұсынады. Біз өзімізге қойған міндетті орындауға және клиенттеріміз біздің жұмысымыз бен өнімімізге оның үнемділігі мен бүгінгі және ертеңгі қажеттіліктерден асып түсетін сапасы үшін тәнті болуы үшін ұмтыламыз. Мұны техниканы таңдаудан бастап кәсіби қызмет көрсету мен сервиске дейінгі барлық істеріміз дәлелдейді. Біз клиенттеріміздің қауіпсіз, сенімді және үнемді техника алып, соның арқасында жұмыстың ең жақсы сапасын көрсетіп, компания табысын арттыруына ұмтыламыз.

Біз жеткізушіден артықпыз!
Машинаны сатудан бастап оған сервистік қызмет көрсетуге дейін — біз әрдайым сіздің қасыңыздамыз!