Компания өнеркәсіптің түрлі салаларында: құрылыс, тау-кен, мұнай-газ, энергетика, орман салаларында қызметтердің толық кешенін ұсынады.
Компанияның басты міндеті — тұтынушыларды әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи құрылыс, жол, өнеркәсіптік техникасымен және жабдығымен қамтамасыз ету, жеткізілетін техника мен жабдықтың үздіксіз жұмысына кепілдік беретін жоғары деңгейдегі сервистік және техникалық қолдау көрсету. Сондай-ақ қосымша ілеспе қызметтер көрсету.
PROMEXTECH GROUP компаниясының АҚШ-тағы, Қытайдағы, Германиядағы өзіндік өкілдіктері әлемнің ең ірі өндірушілерімен тікелей ынтымақтасуға мүмкіндік беріп, жеткізілетін техника мен жабдықтың жоғары сапасына және неғұрлым толық жиынтықтылығына кепілдік береді. Делдалдардың болмауы және өндірушілермен тікелей қарым-қатынас клиенттерімізге неғұрлым тиімді әрі тұрақты бағаларды ұсынуға, сондай-ақ жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өзіндік өңірлік өкілдіктер клиенттерімізге кез келген жерде және кез келген уақытта үздік қызмет көрсетуге және көмектесуге мүмкіндік береді.
PROMEXTECH GROUP компаниясы бүгінгі күннің үздік машиналары мен технологияларын жеткізеді, сондай-ақ заманауи сапа стандарттары бойынша ең жоғары деңгейдегі сервис ұсынады.
Біз өзімізге қойған міндетті орындауға және клиенттеріміз біздің жұмысымыз бен өнімімізге оның үнемділігі мен бүгінгі және ертеңгі қажеттіліктерден асып түсетін сапасы үшін тәнті болуы үшін ұмтыламыз. Мұны техниканы таңдаудан бастап кәсіби қызмет көрсету мен сервиске дейінгі барлық істеріміз дәлелдейді.
Біз клиенттеріміздің қауіпсіз, сенімді және үнемді техника алып, соның арқасында жұмыстың ең жақсы сапасын көрсетіп, компания табысын арттыруына ұмтыламыз.